Астанадағы қайғылы жағдай: өрттен көз жұмған 4 бала туралы тың дерек пайда болды
Өрт кезінде анасы жұмыста болған
Бүгін 17 қараша Астанада жекеменшік үй өртке оранып, салдарынан 4 бала көз жүмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өрттің салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған балалар қаза тапты.
Желіде барлық баланың бір отбасында өскені туралы ақпарат тарады. 3 ұл және бір қыз бала көз жұмды.
Анықталғандай, өрт кезінде олар үйде болған. Тарап кеткен ақпаратқа сәйкес, балаларды анасы жалғыз тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде ол жұмыста болған.