Басты жаңалықтар

Қостанай облысында бір отбасының 4 мүшесі газға уланып қайтыс болды

17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі «Тобол-Инфо» басылымына сілтеме жасап.

Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды. Жексенбіде түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында отбасының 7 мүшесі өз үйлерінен табылды. 

Төртеуі көз жұмған, бұл екі, үш, сегіз жастағы балалар және олардың 1957 жылғы атасы.  

Басылымның хабарлауынша, отағасы, анасы және олардың 4 жасар баласы Арқалық қаласы ауруханасына жеткізілді. 

Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.