Саясат

«Бұған қатысымыз жоқ»: Садырбайдың ұсталуы жайлы айтқан Сапаров өз министрлігіне шаң жуытпады

Сапаров Садырбайдың ұсталуына қатысты жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Садырбайдың ұсталуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Белсенді Санжар Боқаев Алмасбек Садырбаевтың ұсталуын бюджетті игеріп жатқан әрі министрмен, яғни сізбен байланысты олигархтардың тапсырысы деп атады. Сіз бұған қалай жауап бересіз?», – деп сұралды министрден.

Бұл сұраққа жауап берген Айдарбек Сапаров біріншіден, “бұған біздің ешқандай қатысымыз жоқ” дейді.

«Ол «сельхозник» емес. Құқық қорғау органдары ұстаса, сол кісілердің өздері білетін шығар не үшін ұстап жатқанын. Мен жаңа ғана айттым, тағы да айтам, субсидия деген – шығындардың орнын толтыру. Субсидияны облыстар береді. 2020 жылдан бастап облыстарға беріп қойғанбыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінде тек ереже ғана қабылданады. Субсидия алатын адам өтініш бергенде жауапкершіліктің бәрін мойнына алатындай астына қолын қояды. Сондықтан, не үшін ұсталғанын, қалай екені жөнінде пікір білдіре алмаймын. Мен оны білмеймін. Қай облыстан алды? Жұмыс жүргізіп жатқан сотрудниктер білетін шығар», – дейді министр.