Перизат Қайраттың ісі: премьер-министрдің орынбасары пікір білдірді
Мен бұл жаңалыққа қатты назар аудармадым
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер Жұманғаринге қордың құрылтайшылары қатарында болған 10 адамның ішінде Amanat партиясының мүшелері де бар екенін атап өтті. Бұл жағдай партияның және қайырымдылық институтының беделіне әсер етуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.
"Мен бұл жаңалыққа қатты назар аудармадым. Ол мені, өкінішке қарай, таңғалдырмады. Соңғы күндердегі қарбаласта бұл жаңалық менің назарымнан тыс қалды," – деді ол.
Сонымен қатар, шенеуніктердің әлеуметтік желідегі сән-салтанатты өмірлері бейнеленген жазбаларға қатысты тексеріс жүргізіле ма деп сұрады.
“Барлығы өз жұмысын атқарып жатыр," – деп қысқа қайырды ол.
Айта кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.