Мәдениет

«Әдемі жарасамыз»: Назым Қызайбай өзіне Димаш Құдайбергеннің хат жазатынын айтты (ВИДЕО)

Олар әлеуметтік желіде бір-біріне тіркелген

Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіде өзіне әнші Димаш Құдайбергеннің хат жазып тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы боксшы қыз тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» бағдарламасында сөз етті.

Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетеді.

«Әдемі жарасады екенбіз, иә!?» - деді таңданысын жасырмай Назым Қызайбай.

Сондай-ақ, жарыстарда жеңіске жеткен сайын Димаш Құдайберген құттықтау хат жіберіп отырады екен.

«Димаш екеуіміз Instagram-да бір-бірімізге тіркелгенбіз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жазып тұрамын. Ал оффлайн бізде қысқы Универсиада (2017 жыл) өткенде көріскенбіз», - дейді боксшы қыз.