Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сол күйі пәтер берілмеді”: астаналық әйел Перизат Қайраттың тағы бір былығын ашты (ВИДЕО)

“Сол күйі пәтер берілмеді”:  астаналық әйел Перизат Қайраттың тағы бір былығын ашты (ВИДЕО)
Сурет: жеке парақшасынан
Блогер отбасыға пәтер сыйлауға уәде еткен

1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған
Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тың дерек пайда болды. Астаналық тұрғын Әсел Омароваға ол екі жыл бұрын  пәтер алып беруге уәде берген. Бірақ сол күйі пәтер де, өзі де жоқ болып кетіпті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Екі жыл бұрын әлеуметтік желіде қолындағы сәбиімен такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген жалғызбасты ананың видеосы тарап кетті. Бұл көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Қазақстандықтар Әсел Омароваға қарыздарынан құтылу үшін қаражат жинап берген болатын. Сол кезде пәтердің де сертификаты берілген. Бірақ әлі күнге дейін уәде еткен үй берілмеген.

Анықталғандай, жалғызбасты ана әлі де жатақханада тұрып жатыр. Перизат Қайрат соңғы рет өзі хабарласып, күте тұруын сұраған.

“Маған сол күйі үй берілмеді. 3-4 ай бұрын Перизат Қайраттың өзі хабарласып сәл күте тұруымды өтінді. Қазір енді жағдай өзгеріп кетті. Маған пәтердің сертифактын табыстағанда Перизат ханым құрылыс нысанымен келіскен болатын. Бірақ жерге байланысты дау туындады. Кейін мен сол жерге барғанымда ешқандай үй жоқ, тек қоршауды көрдім”, - дейді астаналық әйел. 

Әсел Омароваға Перизат Қайрат бәрін өзі реттейтінін айтқан. Алайда содан бері бір жыл өткен. Бүгінде Әсел айына жатақханаға 85 мың теңге төлейді. Әлі де такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. 

“Бұрын мен 75 мың теңге төлейтін едім. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеймін. Осылай жұмыс істеуіме тура келеді. Өйткені маған балаларымды асырауым керек”,- дейді Әсел Омарова. 
 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар