Мәдениет

"Торт құны – 20 миллион теңге": блогер Дархан Жолшыбеков әйелінің туған күнін дүркіретіп тойлады (ВИДЕО)

Әйеліне де құны 150 миллион теңге тұратын қымбат көлік сыйлады

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков әйелі, блогер Дариғаның туған күнін есте қаларлықтай етіп өткізді. Туған күнде асаба – Нұрлан Сабыров болса, әншілерден Мейрамбек Беспаев бастаған өнер жұлдыздары ән шырқады, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дархан Жолшыбеков жақында ғана некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйлаған болатын.

Енді әйелінің туған күніне құны 150 миллион теңге тұратын қымбат көлік сыйлады. DARICON-ға арнайы 20 млн теңгенің торты әзірленген. Оның ұзындығы 2 метрге жетеді.

“Ес жиып алайық, содан кейін бәрін саламыз. Бүкіл бренд сыйлыққа келді. 1 миллион теңгедей ақшалай сыйлық жиналыпты. Ат салысқан достарыма мың алғыс! Даридың өзіне де қатты ұнады. Сыйлықтарды кейін көрсетеміз”, – деді Instagram-парақшасындағы сторисінде Дархан Жолшыбеков.