Семейде мұғалім 8-сынып оқушысын зорлады
32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген
Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар.
“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторында орналастырылған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев.