«Бір балам Қазақстанға келе алмайды»: АҚШ-та өмір сүріп жатқан «Жаным баклажаным» лақап атымен танылған блогер мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:20
- 363
Әлеуметтік желіде “Жаным баклажаным” лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева экс-жұбайы Саяжан Ешанқұловпен дауласып, арадағы мәселені жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлының басқа елдерге саяхаттау үшін әкесінің рұқсат қағазы керек болған. Алайда экс-күйеуі рұқсат қағазын беруден бас тартқан.
“Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым. Бір жапырақ әке сымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті, Қазақстанға бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудін жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін. Қандай оңбаған болса да Қазақстандағы әкесі қаны ғой дегендерге айтарым, баланы ойлаған адам мұндай жасамас еді. Өзінің эгосын баланың құжаты арқылы көтеріп молодец жеңді, бақытты болсын”, – деп жазды блогер.