Алматыда жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады
Қыз ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп кеткен
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жасөспірімнің өлі денесі табылды, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарияланды. Ол жерде кәмелет жасқа толмаған қыз Nest Grand тұрғын үй кешенінің аумағына шамамен 17 қараша күні Шаляпин көшесінен кіреберіс арқылы кірген. Одан кейін өзгелердің күдігін тудырмай, 6-шы блокқа кірген.
18 қараша күні бойжеткен ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Жасөспірім бұл тұрғын үй кешенінде тұрмаған.
«Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - делінген ПД хабарламасында.