Мәдениет

“Ешқандай қиындық көрмеген кезіңіз”: Мақпал Жүнісова оқушы кезін еске алды

Желі қолданушылары әншінің мектеп кезінен бастап-ақ даусының әдемі болғанына тамсанды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезін еске алып, кішкентайынан әнші болғысы келгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқушы кезіндегі естелікті желідегі парақшасында бөлісті.

“9-сыныпта радиоға жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың әні "Ана" әнін радиодан тыңдаған "Гүлдер" ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев марқұм, менің қайда оқитынымды радиодан сұрап, 10-сыныпта "Гүлдер" ансамбіліне алдыртты. 10 шақты ән айтқызып, мектеп бітіргесін "Гүлдер" ансамбліне қабылдаймын деп еді. Ақыры 1981-жылы жұмысқа алды", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің мектеп кезінен бастап-ақ даусының әдемі болғанын айтты. 

“Керемет архив табылған екен”, “Бала кездің бейнесі де ерекше екен”,“Ешқандай қиындық көрмеген, алдынан үміт оты жалындап шақырып тұрған кіршіксіз кезіңіз екен” деп жазды олар.