Мәдениет

«Қыз ғой енді»: Әйелінің туған күнін 60 млн теңгеге жасаған блогер ойымен бөлісті

Мүмкіндік болып жатса, оған осылай жыл сайын туған күнін жасап беріп қуантуды еркектік бір парызым ретінде түсінемін

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нұркееваның туған күнін жасап беруді өзінің міндеті санайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Туған күнге блогер кемінде 60 млн теңге жұмсағанын Revue News бағдарламасы мәлімейді.

«Ол қыз ғой енді. Мүмкіндік болып жатса, оған осылай жыл сайын туған күнін жасап беріп қуантуды еркектік бір парызым ретінде түсінемін. Ал өзімнің туған күнімді жасамаймын», - деді Дархан Жолшыбеков.

Блогер әйелінің туған күнін жасап ғана қоймай, оған 150 млн теңге тұратын Mercedes-Benz G 63 AMG Grand Edition көлігін сыйға тартты.