“Қатты ауырып жатыр-мыс”: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровтың қылығына ашуланды
Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма?
Белгілі адвокат Ләззат Ахатова қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Заңгер Әнару Құрманәлі ісіне қатысты тергеу жұмысы қайта зерттеліп жатқанын айтады. Алайда, боксшы өзін ұстатпай жүрген көрінеді.
“Әнарудың ісін тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?!.. Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық”, – деп жазды Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде.