Сенат басшысы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін өсіруді айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2024
- 248
Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтып, коммуналдық қызмет тарифтерін өсіру керектігін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол жылдар бойы тарифтердің көтерілмеуі энергетика саласына қиындық туғызатынын айтты.
“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, мемлекет бюджетінің шығынына назар аудара кетті.
“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.