Қоғам

«Өтірік болып шықты»: журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты

"Елге көмек" қайырымдылық қорының өтірігін журналистке оқырманы айтқан

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығын ашты. Айтуынша, жақсылық жасауға ұмтылатын қор халықты алдап жүрген көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттіг.

Журналистке Ұлжан есімді алматылық келіншек хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры суретке түсіріп «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сеніп, ақша жинадық. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 айдан кейін қайтадан бұрынғы қалпында көріп қалдым. Таңқалып ападан «апа үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Сөйтсем «Жоқ, ол балалар мені алдап кетті. Бір жерден пәтер жалдап берді 3 аайға» дейді. Апаны емдеттік деп емханаға әкелгенін де көрсеткен. Ол да өтірік болып шықты. Ешқандай емдетпеген, жәй әшейін видео үшін ғана солай көрсеткен», - дейді келіншек. 

Келіншек қайырымдылық қорының өтірігін білгеннен кейін мүлдем ақша аудармайтын болыпты. Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.