Қоғам

Қазақстан мектептеріне жаңа пән енгізу ұсынылды

Депутаттың айтуынша, материалдық емес мәдени мұрамызды мақтанышпен қорғап, сақтауымыз керек

Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.

Депутат материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша жеке заң жобасын жасауды ұсынып, заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет екенін айтты.

"Не істеліп жатыр: пайдалы, пайдасыз, құнды, құнсыз – ажыратуымыз қажет. Біз материалдық емес мәдени мұрамызды мақтанышпен қорғап, сақтауымыз керек. Және оны мектеп бағдарламасына енгізу керек. Сол кезде жастар материалдық емес мәдени мұраны сақтауға атсалысады. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр", – деді депутат әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.