Басты жаңалықтар

Сот жүйесін реформалау: Тоқаев заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалауға қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада. 

Сенат өкілдерінің мәліметінше, парламент депутаттары бастамашылық жасаған Заң сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заңның міндеттері сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру болып саналады. 

Заң мынадай негізгі ережелерді көздейді:

азаматтық және қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыда істерді алдын ала қарауды алып тастау;

кассациялық сатыға жүгіну қағидаларын оңайлату; 

кассациялық сотта қылмыстық және азаматтық істерді қайта қараудың ақылға қонымды, бірақ алты айдан аспайтын мерзімдері белгіленеді; 

талап қою сомасы 2 000 АЕК-тен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы 30 000 АЕК-тен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша шектеулер алып тасталды; 

ҚПК-да, АПК-да және ӘРПК-де заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық сатыда қарағаннан кейін Жоғарғы соттың қайта қарау тәртібі енгізілді; 

Жоғарғы сотта істерді қайта қарау Жоғарғы сот судьясының ұсынуы немесе бас прокурордың наразылығы бойынша айрықша жағдайларда ғана іске асырылады; 

әкімшілік орган жауапкер болып табылатын талап қоюшының таңдауымен әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылықты енгізу ұсынылады; 

әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.