Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың жастай қосылған жары Нұрбике Нұрқаділова бақилық болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы марқұмның қызы Құралай Нұрқаділова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бүгін түнде еліміз үшін үлкен тұлға болған адам өмірден өтті. Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасуы жолында оның серігі болған, жанынан табылған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты, сөйте тұра өте қарапайым әрі зиялы Нұрбике Ілімбайқызы бақилыққа аттанды. Анам туралы көп айтуға болады. Осы уақыт аралығында ол КСРО заманындағы және одан кейінгі ел туралы көп мағлұмат айта алушы еді. Көптеген жас саясаткерлер анамның мақұлдауынан өтетін. Ол тарихи фактілерді өз көзімен көрген, оны керемет қызықты етіп баяндайтын. Анамды білетіндер оның даналығына тәнті болатын.
Иманды бол, анашым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, - деп жазды Құралай Нұрқаділова.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024