“Қол қоя алмаймын”: Димаш Құдайберген қолтаңба қоюдан бас тартты
Димаш Құдайберген гастрольдік сапармен Прагаға барған
Танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйеріне қолтаңба беруден бас тартты. Өйткені ол оған өз елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші қолтаңба не үшін қол қоймағанын түсіндірді.
“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем”, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.
Димаш тудан басқа қолтаңба беруден бас тартпаған.
Dimashnews хабарлауынша, Димаш Құдайберген 21 қарашада Прагада «Stranger» гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO TV чех телеарнасының студиясына шақырылған.