“10 жасынан бастап зорлаған”: Павлодар облысында күдікке ілінген ер адам өзін атып өлтірді
Қыздың зорланғаны балалар үйінде гинекологиялық тексеру кезінде анықталған
Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дереккөзге сүйенсек, қызға өзінің қамқоршысы 10 жасынан бастап зорлық көрсеткен. Оның зорланғаны балалар үйінде гинекологиялық тексеру кезінде анықталған.
Бұл жайт полицияға хабарланып, олар күдіктінің үйіне келген. Орманшы болып жұмыс істеген ер адам аңшылық мылтықпен өз-өзін атып өлтірді.
"Кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, осы факт бойынша полицияға жүгінгенін біліп, ол өзін-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда",-деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.