Басты жаңалықтар

«Қызға әйелі ретінде қараған»: Павлодар облысында өгей әкесі зорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты сұмдық жайт айтылды

9-сыныпта оқитын қызға өгей әкесінің зорлық-зомбылық көрсетіп жүргенін оның сынып жетекшісі байқаған

Бүгін Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында балалар омбудсмені Майқайың ауылында өгей әкесі зорлаған 9-сынып оқушысы туралы толық мән-жайды айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, қыздың отбасымен және өзімен кездескен. Оқушының сынып жетекшісі өгей әкесінің балаға қараған әрекетінен сезіктеніп қалған екен.

"Мен қызбен кездесіп, анасы және сынып жетекшісімен сөйлестім. Сынып жетекшісіне бірнеше сұрақтар қойдым. Яғни, бұл қызға неге назар аудардыңыз? Ол басқалардан ерекшеленді ме? Оның мінез-құлқында өзгешелік болды ма? деп сұрадым. Ол ондай өзгешелік болмағанын айтты. Әрбір мектепте арнайы бақылауға алынуы керек отбасылардың тізімі бар. Оқу бөлімі тапсырма береді. Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатқандықтан, бұл отбасы ерекше назарға алынған. Сыныпта мұндай төрт оқушы болған. Сынып жетекшісі төртеуінің де отбасына барған. Сол кезде осы қыздың отбасында өгей әкесінің мінез-құлқы ұнамаған. Ол қызға басқаша көзқараспен қарағанын мұғалім байқап қалған. Бұл әкенің қызына деген көзқарасы емес, еркекте әйелге деген көзқарас сияқты болған. Сондықтан сынып жетекшісі қызды назарға алған", – дейді Шәкенова. 

Бұл жағдайға қатысты Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина да түсініктеме берді.

"Өгей әкесінің 9-сынып оқушысына зорлық-зомбылық көрсету фактісін сынып жетекшісі анықтады. Сынып жетекшісі отбасыларға бірнеше рет барған. Сынып жетекшісі мен оқушы бір көшеде тұрған. Мектептен бірге қайтқан.  Үйге қайтып бара жатқанда, мұғалім қыздың жағдайын, оның өмірінде қандай қиыншылықтар болып жатқанын біліп, сөйлескен. Бойжеткен бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан оқиғаны сынып жетекшісіне айтуды жөн көрді. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - деді Самал Айтқазина.