Павлодар облысында жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы дрон арқылы табылды (ВИДЕО)
Қазіргі кезде Тамерлан отбасымен бірге
Павлодар облысында үйден кеткен 9-сынып оқушысы дронның көмегімен табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Павлодар облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
22 қараша күні таңертең полицияға 9-сынып оқушысы Тамерланның із-түзсіз кеткенін айтып туыстары хабарласқан.
«Кәмелетке толмаған бала сағат 03:00 шамасында үйден шығып, оралмағаны анықталды. Полиция бағдар жасап, облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне және жақын маңдағы өңірлерге жіберілді. Дереу жасөспірімді іздеу ұйымдастырылды. Қаланың жертөле және шатыр үй-жайлары, қараусыз қалған ғимараттар, құдықтар, саяжай алабы тексерілді. Жоғалған адам туралы ақпарат жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Іздеуге 300-ге жуық азамат тартылды: полиция және ТЖ қызметкерлері, сондай-ақ екі іздестіру иттері, еріктілер, тікұшақ және ұшқышсыз ұшатын аппарат пайдаланылды. Сағат 13.00 шамасында ұшу аппаратының түсірілімдерінің арқасында кәмелетке толмаған бала саяжай қоғамдастығы ауданында байқалды»,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазір Тамерлан туыстарымен бірге.