Басты жаңалықтар

Тәуелсіздік күніне байланысты қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты үш күн ресми демалыс жарияланатын болды.

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбі. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс . Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.

Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.

Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.