Қоғам

«Өзіне оқ атқан»: Ақтөбеде тағы бір сарбаз көз жұмды

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші өзіне құл жұмсады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.