Денсаулық

Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасы төмендейтінін мәлімдеді

Дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек бағасы 15-25%-ға төмендейді деп күтілуде

Дәрі-дәрмектердің бағасы Денсаулық сақтау министрлігі шараларының арқасында 15-25%-ға төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы препараттардың шекті бағасы 10-12%-ға төмендейтінін мәлімдеді. 

«Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізу бастамасын көтерді. Бұл шаралар препарат құнын төмендетуге көмектеседі. Өкінішке қарай, олардың бағасы көрші елдермен салыстырғанда өте жоғары болып шықты», – деп атап өтті депутат.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға енгізуді, сондай-ақ маркетингтік және тасымалдау үстемелерін алып тастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, көтерме саудадағы үстемеақы 15-20%-дан, ал бөлшек саудада 20-30%-дан аспайтын деңгейде шектеледі.

«Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтармен салыстырылады, бұл бағалардың негізділігін қатаң бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлшек дәріханалар желісінде бағаларды ішкі салыстыру жүйесі енгізіледі. Маңызды жаңалықтардың бірі – жеткізушілердің, соның ішінде тасымалдау шығындары туралы объективті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жасау болады», – деп қосты Аймағамбетов.

Барлық осы шаралар нәтижесінде азаматтар үшін дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек бағасы 15-25%-ға төмендейді деп күтілуде, деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.