Басты жаңалықтар

945 752 теңге: Қазақстанда айына ең көп зейнетақы алатын адам белгілі болды

024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды

Қазақстанда зейнетақысы ең көп адам айына қанша  алатыны белгілі болды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жоғары зейнетақы 945 752 теңге, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары түсіп жатыр. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге жуық мөлшерге көп. 429,1 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері», - деп хабарлады БЖЗҚ хабарламасында.

БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 865 теңге болғанда, ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.

«Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды», - делінген хабарламада.