Қоғам

Жамбыл облысында 23 жастағы келіншек екі жасар ұлымен бірге көлікте тірідей жанып кетті

Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін игере алмай қалған

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан болған өрттен көліктегі анасы мен екі жасар ұлы көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында болған. Таразға кетіп бара жатқан ВАЗ 2114 және BMW автокөлігі жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін игере алмай, жолдың жиегіндегілерге келіп соқтығысқан.

Анықталғандай, BMW көлігін 23 жастағы әйел тізгіндеген. Ішінде оның екі жасар ұлы болған. Соқтығыстың салдарынан көлік жанып кетті.

«Mercedes автокөлігінің жүргізушісі ұсталды Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді полиция.

Аталған дерек бойынша «Екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қоз ол қазір уақытша ұстау изоляторында.