Басты жаңалықтар

Түркістанда қызметкерлерден сыйақысын жинап алған басшыға сот үкім шығарды

Басшы 115 қызметкерден 5,5 млн теңгені талап етіп, жинап алған.

Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бегманов сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.