«Көпбалалы отбасымыз»: 7 баланың әкесі Жанатбек Бәйтеков әйеліне берген уәдесін орындап жүргенін айтты (ВИДЕО)
Актер үйленіп жатқан әйеліне әлемді аралатуға сөз берген
Актер Жанатбек Бәйтеков әйеліне берген уәдесін орындап жүргенін айтты. 7 баланың әкесі жұбайына әлемді аралатуға сөз берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«1001 түн» бағдарламасының қонағы болған актер Жанатбек Бәйтеков өзінің отбасы туралы айтып берді.
«Үйленіп жатқанда менен сұрағанда «Бүкіл әлемді көрсетемін» деп айтқанмын. Оған дейін қазақстанды аралатамын дегенмін. Қазақстанда небір тамаша жерлер бар ғой. Бірақ көбіне шетелге кетіп қалып жатырмыз. Қазір небір ақыл айтқыштар бар ғой. «Әйеліңе құрмет көрсет» деп жатады. Бұл сөз қазақта да бар бұрыннан. Жарыңның көңіл күйі жақсы болса, ер-азаматтың жұмысы алға басады деп ойлаймын. Соған енді көзіміз жетіп келе жатыр. Барынша сол уәдемді орындап жатырмын. Ол өзінің де уәдесін орындады. Анам келін болып түскенінде «5 бала тусаң болды» деген болатын. Бірақ енесінен асып түсті. Қазір көпбалалы отбасымыз. Үлкен балам 16-да, кішісі 2-де», - дейді Жанатбек Бәйтеков.