Басты жаңалықтар
Жеңіліп көрмеген американдық боксшы Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 13 шілде, 2018
- 260
Генадий Головкин WBC белдігін қорғау үшін америкалық боксшы Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуі қажет..
Sport.kz порталы жазады.
Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жектен кейінге жоспар құра бастады.
Қазақстандық боксшы WBC белдігін міндетті қорғауды ойластырып жатыр. Ол үшін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) жекпе-жек өткізуі қажет.
ESPN телеарнасының журналисі Брайан Кэмпбелл Геннадийдің: «Чемпион ретінде мен үнемі жекпе-жек өткізуге дайын екенімді айтып келемін. Мен ашықпын. Ұйымдастырайық осыны», - деген сөзін жариялады.
Дегенмен, Геннадий, бәрібір, «Канелодан» кейін WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтималы жоғары екенін білдірді. Өйткені GGG орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіруді жоспарлап отыр.