Өз қалыңдығын өлтірген: сот ер адамға қатаң жаза берді
Тиран жігітінен қашып құтылмақ болған қыз жол апатынан қаза тапты
Ұлытау облысындағы Қаражал қаласында өз қалыңдығын өлтіріп және оның туыстарының өміріне қауіп төндіргені үшін сотталған азаматтың жазасын өтеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам Қаражал қаласында өзімен бірге тұратын қалыңдығын бірнеше рет ұрып-соққан.
Бір күні қыз отбасымен байланысып, қандай сұмдық жағдайға тап болғанын айтқан. Туыстары оны үйіне алып кетуге келген. Алайда ер адам тыныш жібере салмайды.
Жолда оларды қуып жетіп, бар жылдамдықпен көлікті қайта-қайта соққан. Нәтижесінде көлік жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға салдарынан тиран жігітінен қашып құтылмақ болған қыз қаза тауып, жақындары зардап шекті.
Осы жылдың наурыз айында ер адам «Адам өлтіру» және «Кісі өлтіруге оқталу» баптары бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған.