Мәдениет

«Сырты бүтін, іші түтін қатын»: Мереке Қалбаева хиджаб киюге қатысты ойын айтты

Ол бірнеше күнге Меккеге кеткен

Белгілі блогер, әзілкеш Мереке Қалбаева хиджаб киюге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір ол Меккеде жүр. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Менің ең жаман әдетім жаман сөз айту, ерегесу, қырылысу. Сол үшін де әлі орамал тақпаймын. Сырты бүтін, іші түтін қатын болғым келмейді. Ондайлар менсіз де көп қой. Жаман әдеттен арылу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Бірден өзгермесем де, уақыт өте келе нәтиже боларына сенемін», — деп жазды блогер.