Бағлан Әбдірайымов: “Еркекті құртатын ол - үйіндегі әйелі”
Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын
Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов еркекті құмар ойын, арақ емес, оны әйелі бұзатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.
”Еркекті банкрот құртпайды, арақ құртпайды. Еркекті құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Еркекті құртатын ол үйіндегі әйелі. Шынымен айтамын. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Үйіңдегі келіншегіңмен ұрысып, таласқаннан көрі көшеге шығып, жатып алып біреумен төбелескенің жақсы. Еркектің сағын сындыратын тек әйел кісі ғана. Қалған сынаққа еркек шыдай береді”, — деді әнші.