«Менен басқа ешкімді тыңдамайтын»: Гүлзира Айдарбекова күйеуімен алғаш танысқан сәтін еске алды
Айтуынша, Нұртас Айдарбеков өзі үшін Астанадағы оқуынан Алматыға ауысқан екен
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлдарының әкесімен қалай танысқаны туралы айтты. Өзінің Іnstagram парақшасында жастық шағынан еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, меттептің озат оқушысы болған.
«Алматыға арман қуып, Шымкенттен келген күнім есімде. Күн шыжып тұрған еді. Күнге қарап түсе салыппын. Керемет өмір күтіп тұрған сияқты сезілетін. Бірақ анаң сен үшін шайын дайындап, бауырларыңмен бірге ойнап-күліп отырған сәт, әр қадамыңды аңдып жүретін мұғалім мен сыныбың сағыныш болып қалатынын ойламаппын. Мектеп менсіз құлайтын сияқты еді. Бүкіл концерт пен жарыстарға қатысып, орын алып келуші едік. Ұлдар менен басқа ешкімді тыңдамайтын. Мектеп бұрышында суретім ілініп тұратын», – деп жазды продюсер.
Ал күйеуі Нұртас Айдарбековпен студенттік шағында танысып, екінші курс оқып жүргенде тұрмысқа шығыпты.
«Мектеп бітірген жылы Нұрекең әскерден оралған. Сол кезде таныстық. Ол Астанаға мен Алматыға оқуға түсуге кеттік. Ғашықтық маза бермей, бір жылдан кейін мені тауып алды. Мен үшін Астананы тастап, Алматыдағы Политех-ке ауысты. Екінші курста алып қашты», – деді Гүлзира Үсенқызы.