Алматы облысында шағын автобус 7 жасар баланы басып өлтірді (ВИДЕО)
Көлік жүргізушісі артқа қарай жүрмеекші болған
Алматы облысында шағын автобус мектеп маңында баланы басып өлтірді. Қайғылы оқиға «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңында болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде шағын автобус дөңгелектерінің астында қалған кішкентай баланың видеосы пайда болды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде жаяу жүргіншілер өткелі де, аялдама да жоқ.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қарашада Іргелі ауылындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі артқа қарай жүрмекші болған. Бірақ жеті жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп атап өтті департаментте.