Қазақстанда доллар 520 теңгеге дейін өсті
Алматыда сатып алу – 500-513 теңге, сату – 513-520 теңге болып тұр
Бүгін Қазақстанның кейбір ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 520 теңгеден сатылып жатыр. Ал ресми бағам әлі 500 теңгеге дейін жеткен жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:
Алматыда сатып алу – 500-513 теңге, сату – 513-520 теңге;
Астанада сатып алу – 506-509 теңге, сату – 513-516 теңге.
Алайда, Ұлттық банктің сайтында көрсетілгендей, 28 қарашада таңертең доллардың ресми бағамы бірлігіне 499,55 теңгені құрайды.