Қоғам

Павлодар облысында әкім мас күйінде ұсталды

Әкім 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас күйде басқанған. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды», - әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Искендиров.

Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға өткен жылдың желтоқсан айында келген.