Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке әкеліп соғуы мүмкін

Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке әкеліп соғуы мүмкін
ашық дереккөз
АҚШ-та Миссури штатының соты Johnson & Johnson компаниясынан 22 әйелдің пайдасына 4,69 млрд доллар өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
Әйелдер бірнеше жыл бойы балалар сеппесін қолданып, оның салдарынан аналық безі қатерлі ісігіне шалдыққандарын айтқан, деп хабарлайды Reuters ақпараттық агенттігі. Компанияның төлеуге міндетті сомасы - АҚШ тарихында сапасыз өнім ісі бойынша өндірілген қаржының рекордтық көрсеткіштерінің бірі. Шағым түсірген әйелдердің барлығы J&J компаниясын балалар ұнтағына тыйым салынған асбест қосты деп айыптауда. Алқабилер соты бұл істі бес апта бойы қарап, екі тараптың ондаған сарапшысын тыңдаған. J&J өз кезегінде компания өнімдерінің зиян келтіретінін жоққа шығарды.  "Johnson & Johnson үкіммен келіспейді, бұл шешімге шағым түсіруге ниетті», - делінген компанияның мәлімдемесінде. J&J акциясы үкім шыққаннан кейін 1%-ға құлаған.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар