Путин: Қазақстан іс жүзінде орыстілді мемлекет
Ресей президенті екі елдің қарым-қатынасын бұзатын қадамдарды жасамау керектігін айтты
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды іс жүзінде орыс тілді мемлекет деп атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Путин өз сөзінде екі елдің байланысын одан сайын күшейте түсуді жеткізді.
«Қазақстан іс жүзінде орыстілді мемлекет. Оны сіздер де сезген шығарсыздар (журналистерге – авт.) Өкінішке қарай, әр нәрсені қалай істеу керектігін өзінше білетін адамдар бар. Болып жатқан процестерге сын айтады. Ресейдің де, Қазақстанның да қоғамында. Бұл позиция, сын екі мемлекеттің мүдделеріне сай келе бермейді. Олар әрдайым пайдалы бола бермейді. Меніңше, сол үшін байланысты күшейте беру керек. Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарды жасамау керек», - деді Путин.