Түркістан облысында арба сүйреген 7 жасар бала көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Баланың өзінен кейін 5 жасар інісі бар
Желіде Түркістан облысы Жетісай қаласында арба сүйреп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы TikTok желісінде жарияланған. Бейнежазбадан кішкентай баланың арбамен ауыр заттарды тасып бара жатқанын көруге болады. Видео авторы баланың мән-жайын сұраған.
«Әкем қарайды, інім бар. Ол 5-те, мен 7 жастамын. Құжаттарым жоқ, сол үшін мектепке бара алмаймын», - дейді видеода бала.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді.
"Осы жағдайды реттеу үшін мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес арнайы топ жұмылдырылғанын хабарлаймыз. 7 жасар бала мен оның бауыры қауіпсіздікте. Қазіргі уақытта құзырлы органдар балалардың денсаулығын тексеріп, құжаттарын және барлық құқықтарын қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда", – делінген хабарламада.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті екі бұлдіршіннің анасының тірі екенін мәлімдеді.