Саясат

Тимур Сүлейменов: «500 деген психологиялық сан»

Ол доллардың өсуіне математик, экономист, кәсіпкер көзімен қарауға кеңес берді

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов баспасөз мәслихатында азық-түлік қымбаттайды деп уайымдамайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, теңгенің төмен түсуі дүрбелең туғызатын нәрсе емес.

«500 деген (бір доллар) психологиялық сан. Әрине, мен түсінемін сіздерді. Бірақ бұған математик, экономист, кәсіпкер көзімен қарасақ. Өзгеріс 2 пайыз деген тоқтамға келеді. Керісінше болғанын мен де қалар едім. Алайда нарық басқаша көрсеткішті көрсетті. Сол себепті кейінгі үш аптадағы 2 пайыздық әлсіреу (теңгенің) белгілі бір деңгейде әсер ететін шығар. Бұл дүрбелең туғызатындай нәрсе емес. Сол себепті баға, оның ішінде азық-түлік бағасы өзгеріп кетеді деп уайымға салынбас едім. Ол жағынан біз өз-өзімізді қамтып отырмыз», – дейді ол.