Мәдениет

«Ажырасу – өліммен тең»: Әсел Сәдуақасованың экс-күйеуі екеуінің айырылысуына не себеп болғанын айтты

Біз ажырасуға онлайн өтініш бергенде “Бірге тұруымызға көзқарасымыз сәйкес келмейді” деген пунктті таңдадық

Белгілі актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі ажырасу оған да оңай болмағанын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, бұл жағдайға екеуі де кінәлі емес. Бірақ ары қарай бірге тұра алмайтындарын түсінген.

“Ішімде не болып жатқанын ешкім түсінбейді. Оны әдемілеп жаза да алмаймын. Осы жыл өсу мен трансформация жылы болды. Біз 2 қыркүйек күні ажырасуға өтініш бердік. 4 қазан күні ресми екі жаққа кеттік. Жаз бойы ажырасуға дайындалдық. Биылғы жазғы мезгіл мен үшін өте ауыр өтті. Ажырасу – өліммен тең. Ажырасқандар бізді жақсы түсінеді. Біз ажырасуға онлайн өтініш бергенде “Бірге тұруымызға көзқарасымыз сәйкес келмейді” деген пунктті таңдадық. Бұл жағдайға ешкім де кінәлі емес”, – деп жазды Мағжан Тілеуханов. 

Маркетинг саласының маманы Әселмен өткен әр күнін бақытқа толы деп санады.  

“Балиде өткізген төрт айымыз ұмытылмастай болып өтті. Сол үшін бәріне алғыс айтамын. Әселге бәрі үшін рақмет айтамын. Ол өмірімдегі ең маңызды адам. Сенімен болған әр сәтім үшін бақыттымын. "Құдай сені жақсы көреді" деген сөз бізді барлық қиындықтан алып шықты", – дейді маркетолог маман. 

Айта кетсек, бір күн бұрын актриса күйеуімен ажырасып кеткенін жазған болатын.