Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шаршадым»: «Человек в маске» такси боп жүрген жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

«Шаршадым»: «Человек в маске» такси боп жүрген жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
Сурет: Видеодан скриншот
Әйел қаланың сыртында тұратындықтан, несиеге көлік алған

«Человек в маске» лақап атымен көпшілікке танымал ер адам такси жүргізушісі болып жүрген әйелге пәтер сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйелдің үш баласы бар. Айтуынша, ол көлікті 7 жылға несиеге алған. ДЦП, эпилепсиямен ауыратын кіші ұлын оңалту курстарына тасиды екен.  

«Мен жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Кіші ұлыма дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Мен бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады», - дейді әйел.

Сондай-ақ, блогер жалғызбасты анаға қарызын жабу үшін және баланың еміне қомақты қаржы табыстады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар