Басты жаңалықтар
“Көктайғақ болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024
- 1.1k
Қазақстан бойынша тұман болады
Қазгидромет 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктер бұл ауа-райының тұрақсыз болуына әсер ететінін мәлімдеді.
Қазақстанның солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстандық банктердің мемлекетке қанша қарызы бар екені анықталды
- авторkyn.kz
- 1 желтоқсан, 2025




