Мәдениет

“Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды”: Тамара Асар Назарбаевпен кездесуінде жылап қалған

Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық

Белгілі әнші Тамара Асар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен  кездесуде неліктен жылап қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Назарбаев 2018 жылы әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу ұйымдастырған болатын. Айтуынша, сол кезде көзіне жас алған әнші саясаткердің жалғыздығын сезген екен. Бұл туралы "Din Dina Show" бағдарламасында айтып берді.

"Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Мені сөзбен тоқтататын –  ол анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол жылады. Оның жылағанын қиып тастаған. Бізді шығарып қояды. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Әйтпесе ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды", - деді Тамара Асар.