«Мәйіттерді өртеп жатқанын көріп тұрмын»: көріпкел Бақыт Жұматова 2025 жылы адамдарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты (ВИДЕО)
Ол Балқаштың астында Меккеге апаратын жол барын айтты
Белгілі көріпкел Бақыт Жұматова алдағы 2025 жылға болжам жасаған. Бұл туралы ол осыдан 4 жыл бұрын журналист Данияр Есенге сұқбат берген болатын, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, келер жылы шешек және оба аурулары көбеюі мүмкін.
”Мен 2025 жылдан қорқамын. Шешек және оба аурулары болуы мүмкін. Мәйіттерді өртеп жатқанын көріп тұрмын, тіпті көруге қорқамын. Бірақ, әрине ары қарай да өмір бар. Адамзат өзгеріп, бір бірін сыйлау керек. Сосын маған қайта-қайта Балқаш қаласын көрсете береді. Балқаштың астында Меккеге жол бар. Оны тек археологтар табуы керек. Судан да қорқамын. Су өте көп. 50 жылда әлемді топан су басуы мүмкін”, — дейді Бақыт Жұматова.