Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды
2024 жылғы қаңтардан 1 желтоқсанға дейін балалар көз жұмған 15 өрт болған
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілнің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтардан 1 желтоқсанға дейін балалар көз жұмған 15 өрт болған. Ол Ақмола облысында жеке үйде электр сымдарының тұйықталуы және түтіннің шығуы салдарынан екі бала көз жұмғанын атап өтті.
«2024 жылдың қаңтарынан бері балалардың қазасына әкелген 15 өрт тіркелген, олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз қалған. Осы оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы заңнамалық шараларды қарастыру қажеттігін ұсынамын», - дейді Зәкиева.