Саясат

Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады

Вице-премьер доллар бағамының өсуіне байланысты қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді

Үкімет ұлттық валютаның әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады. премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірнеше апта доллар шарықтап, теңге бағамы әлсіреді.

" Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық валюта бағамының өзгеруі - тек сыртқы факторлардың ықпалынан туған құбылыс", - деді Байбазаров.

Вице-премьер теңге бағамына әсер ететін үш негізгі факторды атап өтті. Соның бірі соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюіне байланысты. Екіншіден, мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі мен Ресей рублінің әлсіреуі.

"Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті - азаматтарымыздың жағдайы нашарлауына жол бермеу, кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажет шара қабылданады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар", - деді Байбазаров.

Айте кетсек, 28 қарашадан бастап ақша айырбастау орындарында доллар бағамы өсе түсті.