Басты жаңалықтар

Маңғыстау облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген

Бүгін Маңғыстау облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап

Магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі сағат 14:48-де Ақтаудан 79 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болғанын мәлімдейді volcanodiscovery.com сайты. Жерасты дүмпуін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қарашада Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші 4,2 ​​баллды құрады.