"Қарғап отыр": Жүнісова Нұрқаділовке қойылған ескерткіштің ашылуына бармаған себебін айтты (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 3 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Алматы облысына қарасты Кеген ауылында саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылуына Нұрқаділовтің балалары мен немерелері бой көрсетті. Көпшілік Нұрқаділовтің жары, танымал әнші Мақпал Жүнісоваға осыған орай толассыз сұрақ қойған. Олардың көкейіндегі мәселе "Неге әнші марқұм күйеуінің рухын сыйлап, ескерткіштің ашылуына бармады?". Жүнісова оқырманы мен өз тыңдарманына үнемі ашық, сұрақтардың бәріне жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еңбектерін жинақтап, екі кітап шығарғанын атап өтті. Осы уақытқа дейін ол кітаптардың жартысын Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында, сондай-ақ қайтыс болғанына 19 жыл толған күні құран бағыштау кезінде таратқан. Қалған даналарын Нұрқаділовтің туған жеріне жібергенін хабарлады.
Сонымен қатар, ол Instagram-да ескерткіштің ашылу рәсімінен видео жариялап, «Неге қатыспадыңыз?» деген сұраққа жауап берді. Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.
«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», — деп жауап берді Мақпал Жүнісова.